Украина бастамашы болған «Әлемді жақсылыққа қарай өзгертейік» деп аталатын халықаралық фестиваль «Артек» халықаралық балалар орталығында 2001 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Украина бастамашы болған «Әлемді жақсылыққа қарай өзгертейік» деп аталатын халықаралық фестиваль «Артек» халықаралық балалар орталығында 2001 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Оның мақсаты – көпмәдени орта жағдайында өмірлік тәжірибе алу арқылы әртүрлі дінге сыйынатын және әртүрлі ұлт өкілдері балаларының көзқарастары мен құқықтарының теңдігін, толеранттылық қағидаларын қалыптастыруға ықпал жасау.
Осы фестивальға 2004 жылдан бері қатысып келе жатқан біздің елдің құрамында Астана, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен қалаларының 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалары бар делегациясы «Елдер күні» деп аталатын шара барысында ерекше белсенділік танытып, көзге түсті. Олар биылғы он екінші фестивальға келген 60 мемлекеттің өкілдерінің назарына өздері дайындаған этнокөрмені және «Менің Отаным – Қазақстан» атты балалардың суреттерін ұсынды.
Қазақстандық делегация «Фестиваль шагает по «Артеку» атты акцияға белсене қатысқаны және Жер бетінде бейбітшілікті насихаттағаны үшін екі дипломмен марапатталды.
Салтанат САЛБЕНБЕКОВА,
республикалық қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.
АСТАНА.