Абайдың туған күні Аққулыда атап өтілді
Өткен жылы академик, сенатор Ғарифолла Есімнің бастамасымен Павлодар облысының Аққулы ауылында хакім ақынның туған күнінде оның мыстан құйылған тамаша ескерткіші орнатылған еді.
Абайдың туған күні Аққулыда атап өтілді
Өткен жылы академик, сенатор Ғарифолла Есімнің бастамасымен Павлодар облысының Аққулы ауылында хакім ақынның туған күнінде оның мыстан құйылған тамаша ескерткіші орнатылған еді.
Сол жолы алып ақынның туған күні мұнда жыл сайын атап өтілетіндігі қадап айтылған болатын. Айтқандай-ақ, өткен жексенбі күні Аққулыда «Абай күні» өткізілді. Оған Астанадан Ғарифолла Есім, Әділ Ахметов, Ермек Жұмабаев сынды сенаторлар арнайы келіп қатысып, ақын туралы, егемен елдің жарқын болашағы туралы сындарлы сөз қозғады.
Бұдан кейін «Абай оқулары» деген тақырыппен байқау өткізілді. Оған Павлодармен бірге, Шығыс Қазақстан облысынан, тіпті, көршілес Ресей елінің Алтай өлкесінен де қандастарымыз көптеп қатысты. Байқау барысында Абай өлеңдері мен әндері, сонымен бірге қарасөздері де молынан орындалды. Мазмұнды өткен байқаудың қазылар алқасына Семейдегі Абайдың республикалық қорық мұражайының директоры, ғалым Жандос Әубәкір басшылық жасады. Байқау жеңімпаздары мадақтама қағаздары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ,
журналист.