15 Тамыз, 2013

Бағасы төрт есе төмендетілген ғимарат

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Байқоңырда 24 млн. теңгенің ғимаратын 600 мың теңгеге сатқан

Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық прокуратурасы қаладағы құны 24 561 307 теңге болатын ғимараттың 610 614 теңгеге сатылып кеткенін анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш қылмыстық келісім «В» ЖШҚ бас директоры, Байқоңыр қала­сы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру депар­та­ментінің бастығы және депар­таменттің бөлім бастығы арасында жасалған. Осылайша, Абай даңғылы бойында орналасқан облыстық әді­лет департаментінің тең­геріміндегі жалпы көлемі 720,8 шаршы метрлік екі қа­батты ғимараттың 492 шаршы метрлік екінші қабаты барынша төмендетілген бағамен сатылған. Сауданы жекешелендіру мақсатында жүргізген ұйымдастырушылар бұрын жасалған жөндеу жұмыстарына байланысты құжаттарды қайта дайындап, оның сатылу бағасын 24 561307 теңгеден 610 614 тең­геге дейін түсіріп жіберген. Осылайша, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзып, ауыр зардаптарға әкеп соқтырғаны анықталды.

Аталған деректер бойынша жоғарыда аталған бірінші тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 177-бабы 3-бөлігі «б» тармағымен, екінші тұлғаға қатысты 307-бабы 4-бөлігі «б» тармағымен және 314-бабы 2-бөлігімен, ал үшінші тұлғаға қатысты 314-бабы 2-бөлігімен қылмыстық істер қозғалып, қарау үшін айыптау қоры­тындысымен Байқоңыр қалалық сотына жолданды.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.