Парламент • 25 Ақпан, 2020

Депутаттар он бір ұсыныс әзірледі

323 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті мен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мәселелері бо­йынша Үкімет сағатын өткізді.

Депутаттар он бір  ұсыныс әзірледі

 

Жиынға Сенат депутаттары мен Ішкі істер министрлігінің бас­шылығы, министрлікке қарасты құ­қық қорғау мекемелерінің өкіл­дері қатысты.

Алдымен сөз бастаған Конс­ти­ту­циялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органда­ры комитетінің төрағасы Владимир Вол­ков Ішкі істер министрлігі сыбай­лас жемқорлық ісі жиі қозға­латын 5 мемлекеттік органның қатар­ында екенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы 3 жыл ішін­де ішкі істер органдары қызмет­кер­лерінің қатысуымен 1846 қыл­мыс жасалған. Оның ішінде 1051-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты болған. Нәтижесінде 1066 қызметкер қылмыстық жауапқа тартылған.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік коми­тетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ішкі істер жүйесіндегі құрылымдық өзгерістердің бәрі биыл шешімін табуы керек деп санайтынын жеткізді.

– Ішкі істер органдары – бүгінде Қазақстандағы ең күрделі, ең көпсалалы министрліктің бірі. Оның құрамында тек полицейлер емес, Ұлттық ұлан құрылымы бар. Бұған қоса көптеген мемлекет­те жеке министрлік болып отыр­ған Төтенше жағдайлар дейтін үлкен ведомство бар. Егер Қа­зақ­станның жер көлемі әлемдегі тоғы­зыншы мемлекет дейтін болсақ, онда мұндай үлкен мемлекет­те Төтенше жағдайлар жөнін­дегі комитеттің жеке-дара ми­нис­трлік болуға толық құқы бар. Әзірге бұл сала – Ішкі істер министр­лігінің құрамында. Өкінішке қарай, елімізде Үкімет құрамында болатын жиі-жиі өзгерістердің нәтижесінде осы министрлік жұмысы кейінгі кезде баяулай түскен. 2002 жылы Ішкі істер құрылымының құрамынан қылмыстық атқару жүйесі алынып, ол Әділет министрлігінің құрамына берілді. Бірақ бұл дұрыс нәтиже берген жоқ. Сөйтіп оны қайтадан Ішкі істер министрлігі құрамына қайтаруға тура келді. Сондай-ақ түрлі құжаттарды тіркеу, халықпен жұмыс істеу сияқты қызмет атқаратын комитет болды. Оны да  2005 жылы Әділет министрлігі құрамына бердік. Бұл да оң нәтиже бермей, өзіне қайтарып бердік, – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Өз кезегінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сенаторларды құқық қорғау органдарын реформалау жұмыстарының барысымен таныстырды.

– Ішкі істер органдарын реформалау – уақыт талабы. Елбасының тапсырмасына сәйкес әзірленген 2019-2021 жылдарға арналған бағдарлама нәтижесін беріп жатыр. Алғашқы кезеңде полицейлердің саны 11%-ға қысқартылды. Қылмыстың алдын алу шараларын күшейту үшін қызметкерлер мектеп, көше, қоғамдық орындарға жіберілді. Ішкі істер министрлігі және оның мекемелерінің қызметтік міндеттеріне талдау жасалды. Олардың қорытындысы бойынша артық 106 басқару буындары және 1 483 басшылық лауазымдар таратылды. Қысқартылған ІІМ қызметкерлері саны – 10 592, – деді Е.Тұрғымбаев.

Жалпы, Ішкі істер органдар­ын жаңғыртуға арналған Жол кар­тасында 9 бағыт көзделген екен. Оның бірі қызметкерлерге еңбек­ақы төлеу және әлеуметтік қорғау жүйесін жақсартуға бағытталған. Штатты оңтайландыру нәти­же­сінде үнемделген 16 млрд теңге мен Үкімет бөлген 20 млрд тең­гені ескере отырып, 2019 жыл­дың 1 шілдесінен бастап қызмет­кер­лердің жалақысын саралап арттыру қолға алынды. Осы орайда пат­рульдік полицияның – 65%-ы, жедел-тергеу бөліністерінің –
55%-ы, учас­келік полиция инспекторы мен кәмелетке тол­мағандар істері жө­ніндегі инс­пек­торларының – 25%-ы, сондай-ақ полиция және ҚАЖ қызметінің қал­ған қыз­мет­керлерінің 20%-ының еңбекақысы өсті.

Сонымен қатар кейбір функ­ция­ларды алып тастау бойынша жұмыстар атқарылып, мемле­кет­тік органдардың және заңды тұл­ғалардың 72 күзет объектілері бәсе­келестік ортаға берілді. Осын­дай тағы 115 объектінің мәселесі пысықталып жатыр.

Бұған қоса, министр халық­пен жұмыс істеудің жаңа формат­тарына тоқталып, сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы қолға алынған іс-шараларды атап көрсетті. Атқа­рылған жұмыстар нәти­же­сін­де былтырғы қорытынды бойын­ша қылмыс 29%-ға, оның ішін­де сыбайлас жемқорлыққа қатыс­ты қылмыс 34%-ға кеміген. Қыл­мыс­тық жауапкершілікке тартылған қызметкерлер саны 26%-ға, сотталғандар 49%-ға төмендеген.

Сенат депутаттары ішкі істер ор­гандарының жұмысын жаңғыр­ту мақсатына бағытталған 11 нақ­ты ұсыныс әзірледі. Айталық, Төтенше жағдайлар комитетін ми­нистрліктен бөлек орган ретінде құру, Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелерін қайта жасақ­тауды жалғастыру, полиция учас­келерін материалдық құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз ету және сотталушыларға көрсеті­летін медициналық қызмет түрін Ден­саулық сақтау министрлігінің құзырына беру мәселесін қарас­тыру сияқты ұсыныстар бар.

Сондай-ақ сенаторлар қо­ғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын оңтайландыру мақ­сатында ІІМ жанынан ақпа­раттық-талдау орталығын құруды қарастыру, халықтың құқық қор­ғау органдарына деген сенімін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру үшін ІІМ сайты арқылы азаматтардың орган жұмысына онлайн түрде баға беру мүмкіндігін ұйымдастыру, кадр даярлаудың тиімділігін оңтай­ландыру бастамаларын көтерді.

Бұған қоса, ішкі істер орган­дар­ындағы бос қызметке байқау кезінде бақылаушылардың ой-пі­кірін ескеру керек екені, сол сияқ­ты Бас прокуратура мен Құқықтық статистика жөніндегі коми­тет­пен бірлесіп қылмыс жиі орын ала­тын елді мекендерде патруль шы­ға­ру кестесін әзірлеу жайы сөз болды.

В.Волков отырыс­ты қоры­тын­­дылай келіп, әзір­лен­­ген ұсы­­ныс­тар ішкі істер ор­ган­дары­ның қызметін жетілдіруге бағыт­тал­ғанын айтты.