2013 жылғы тамыз және 2014 жылғы ақпан айы аралығында «G-Global» халықаралық коммуникативті алаңында және VII Астана экономикалық форумы шеңберінде «Мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау, олардың ілгерілеуі мен еңбекақы төлеу жүйесі» атты жаһандық конференциясының виртуалды жобасы жүргізіледі (http://group-global.org/aef/view/280).

Астана экономикалық форумы қазіргі заманғы экономикалық, қаржылық, әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарын іздеуде әлемнің озық ойшылдарын біріктірген халықаралық жиналыс болып табылады. Жаһандық конференцияны ұйымдастырушылар – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы.
Виртуалды жоба барысында мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртудың әртүрлі аспектілерін талқылау жоспарлануда. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау, олардың ілгерілеуі мен еңбекақы төлеу жүйесіндегі өзекті трендтер, өңірлік ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб шеңберінде қарастырылады.
Виртуалды жобаға қатысу мәселелері бойынша Академия ғылыми-зерттеу институтының директоры Жаркешов Ернар Серікбайұлымен байланысуыңызға болады: +77172 75 35 48, Email: Yernar.Zharkeshov@apa.kz