15 Тамыз, 2013

Нақты істер кезеңі

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы «Қазақ­­­­­стан Медиа орталы­­ғында» Қазақстан Республикасы Пре­зи­­­­­­­денті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдас­тыруымен ұлттық тарихты зерделеу тақырыбына арналған баспасөз брифингі болып өтті.

 

 

Елордадағы «Қазақ­­­­­стан Медиа орталы­­ғында» Қазақстан Республикасы Пре­зи­­­­­­­денті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдас­тыруымен ұлттық тарихты зерделеу тақырыбына арналған баспасөз брифингі болып өтті.

Ұлттық тарих ғылымын реформалау жолдарын түсіндіру, тарихшы ғалымдардың қыз­­­­метін үйлестіру, толыққанды та­­рихи көзқарасты қалыптас­ты­ру мақсатында атқарылып жат­қан істерден хабардар етуді көз­деген басқосуға бел­гілі та­рих­шылар мен қоғам қай­рат­керлері қатысып, өз ой-пікір­лерін білдірді.

Шара негізінен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­­­­­вер­ситеті ғалымдарының қаты­­суы­мен өткендіктен, осы ұжым­ның тындырған және алда атқарар жұ­мыстары әңгіме өзегіне айналды.

Мұнда «Қазақстан тарих­шыларының ұлттық конгресі» жұмыс істеуде. «Отан тарихы» сериясымен 20 томдық еңбек шығарылмақ. Өткен жылы Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми форум ұйымдастырылған болатын. Университет ұжымы «Гумилев әлемі» және «Еуразия мәселелері» сериясымен жиырмадан астам кітап, қазақша оқу құралдарын басып шығарды. Сонымен қатар, оқырманға тұңғыш рет даңқты ғалымның өмір жолы мен ғылы­ми шығармашылығына арнал­ған «Лев Гумилев» энцикло­пе­­диясы ұсынылды. Сондай-ақ, елімізде тұңғыш рет универ­­си­тет қабырғасында Қазақ­стан халқы Ассамблеясы кафе­­­­дра­­­сының тұсауы кесілсе, ЮНЕСКО кафедрасын ашу мәсе­лесі қарастырылуда. Қазақ­стан тарихшыларының ұлттық кон­гресі аясында алыс және жа­қын шетелдегі 25 елге тарала­­­тын ха­­­лықаралық ғылыми-таным­­­­­­дық журнал жарық көрмек.

Ұлт тарихын түгендеуге қа­тысты қойылған журна­лис­тер­дің сұрақтарына Л.Н.Гу­ми­лев атындағы Еуразия ұлт­тық уни­верситетінің ректоры, тарих ғы­лымдарының док­торы Ерлан Сыдықов, көрнек­ті публицист, Қазақстан Ұлт­тық жаратылыстану ғы­лым­дары академиясының акаде­мигі Ғаділбек Шалахметов, мемлекетіміздің Елтаңбасы автор­­­­­ларының бірі, Л.Н.Гу­ми­лев атындағы Еуразия ұлттық уни­­­­­­верситеті кафедрасының про­фессоры Жандарбек Мәлі­бе­ков, «Еуразия» гумани­тар­лық ғы­лы­ми-зерттеулер орта­лы­­ғының ди­рек­торы, тарих ғы­лымдарының док­торы Зия­бек Қабылдинов пен Л.Н.Гу­ми­лев атындағы Еуразия ұлт­­тық университетінің профес­соры Майдан Құсайынов жан-жақты жауап берді.

Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар