15 Тамыз, 2013

Елордалық «Нұр Отан» жаңа бастамаларды қолға алуда

250 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

KVV 3573Сайлау алдында барлық саяси партиялар халыққа өз тұғырнамасын жариялап, сайланған жағдайда қандай игілікті істер атқаратынын ұсынады. 2011 жылғы Мәжіліс сайлауының алдында «Нұр Отан» ХДП өз тұғырнамасын жариялаған болатын. Халық оның орындалатынына сенім білдіріп, көпшілік дауыспен қолдады. Енді сол уәделердің бүгінгі күні Астана қаласында орындалуы барысы жөнінде партияның елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар АХМЕТОВТЕН сұраған едік.

 

KVV 3573Сайлау алдында барлық саяси партиялар халыққа өз тұғырнамасын жариялап, сайланған жағдайда қандай игілікті істер атқаратынын ұсынады. 2011 жылғы Мәжіліс сайлауының алдында «Нұр Отан» ХДП өз тұғырнамасын жариялаған болатын. Халық оның орындалатынына сенім білдіріп, көпшілік дауыспен қолдады. Енді сол уәделердің бүгінгі күні Астана қаласында орындалуы барысы жөнінде партияның елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар АХМЕТОВТЕН сұраған едік.

– Бүгінде Астанада 37 мың нұротандық бар. Бұл – 800 мыңдай тұрғыны бар шаһар үшін үлкен саяси күш. Жалпы, қала бойынша алты филиалымыз бар. Ал «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының жұмысы өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, еліміздің барлық аймақтары ел астанасына қарап бой түзейтіні белгілі.

– Сапар Қайратұлы, Партияның сайлауалды тұғырна­ма­сы бойынша қандай нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

– Бұл жұмысты біз партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің 2013 жылға бекіткен жоспары бойынша жүргізудеміз. Үстіміздегі жылдың наурыз айында қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясы мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізілді. Мәжілісте ең алдымен кәсіпкерлікті дамыту және астаналықтардың «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысу мәселесі қаралды. Қала тұрғындарының арасында жүргізілген белсенді жұмыстардың нәтижесінде «Трансойл» компаниясы ІРО-сының 10 пайыздан астам мөлшерін астаналықтар сатып алды. Сонымен қатар, осы отырыста бірқатар басқармалардың есебі тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды. Орынды ұсыныстар айтылды.

Елімізде қолға алынған Үдемелі ин­дустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру бойынша арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеуде. Осы бағыт бойынша атқарылған жұмыстар туралы басқару дирекциясының басшысы есеп берді. Басқарма қазіргі уақытта 46 бағдарламаны қолға алған болса, со­ның 11-і іске қосылған. Ал қалған бағдар­ламалардың орындалу барысы, оған құйылатын инвестиция мөлшері, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және олардың қала экономикасына қосатын үлесі туралы ақпарат беріліп, нақты қандай деңгейде, қанша уақытта, қандай жұмыстар атқарылатыны жөнінде айтылды. Сондай-ақ, тұрғын үй бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде Энергетика және коммуналдық жүйелерді дамыту мен Тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшылары есеп берді.

Сала жетекшілерінің баяндамасы тыңдалып қана қойған жоқ, оған көпте­ген ұсыныстар да енгізілді. Аталған мәсе­ле­лерді жүзеге асыру бойынша арнаулы кесте жасалып, партия филиалының қа­дағалауына алынды. Жақын арада әлеу­меттік маңызды мәселелерді қарастыру мақсатында отырыс өткізу жоспарланып отыр. Бұл отырыста «Қолжетімді тұрғын-үй-2020» және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларының орындалу барысы тыңдалады.

Әлеуметтік мәселедегі алдынғы орын­да халыққа медициналық қызмет көр­сету саласы тұрады. Сондықтан осы мә­селе де назардан тыс қалмай, жауап­ты басшылар өздерінің есептерін беретін болады. Фракция мүшелері олардың ақпараттарының жобасымен алдын ала танысып, ұсыныстары мен кеңестерін дайындайды. Биылғы жылдың төртінші тоқсанында білім саласының даму бағыттарын қарастыру да көзделіп отыр. Қаладағы көптеген саланың басшылары «Нұр Отанның» мүшесі. Оларға партияның сайлаушыларға уәде еткен тұғырнамасының орындалуы міндет етіп жүктелген. Сондықтан бұл жұмыстар партия тарапынан жіті қадағалануда.

– Халықпен жұмыс істеу мәселелері қалай болып жатыр?

– Халықпен жұмыс істеу – партия жұ­мысының ең маңызды бағыттарының бірі. Жуырда біз өз жұмысымыздың бірінші жартыжылдықта атқарылу деңгейіне сараптама жасап, қаладағы барлық филиал қызметіне зерттеу жүргізген бақылау-тексеру комиссиясы қорытынды ақпарат жариялады. Енді осы сарап