Биыл Қазақстанда 17 млн. тонна астық жиналады деп күтіліп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновтің айтуынша, жиын-терім кезінде қиыншылықтар болмауы тиіс.
Биыл Қазақстанда 17 млн. тонна астық жиналады деп күтіліп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновтің айтуынша, жиын-терім кезінде қиыншылықтар болмауы тиіс.
Үстіміздегі жылғы қаңтар-маусымда елімізде 293 786 жеңіл автокөлік тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,2 пайызға жоғары.
Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құны 11 жоба жүзеге асады. «Даму» қоры аймақтық филиалы менеджері олардың жалпы құны 164 млн. теңгені құрайтынын айтып отыр.
Ата-аналар бірінші сыныпқа баратын баласын мектепке интернет арқылы тіркей алады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сайтында жазылғандай, баланы онлайн тәсілі арқылы «E-learning» электрондық білім беру жүйесі енгізілген мектепке (олардың тізімі электрондық үкімет порталында жарияланған) рәсімдеуге болады.
Павлодар облысының білім мекемелері жаңа оқу жылына дайын. Аймақта алдағы бірінші қыркүйек күні 88,2 мың оқушы мектепке бармақ. Барлық білім беру мекемелеріне тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілген, оқулықтардың түгелі сатып алынған.
Өскеменде «Шығыс» кентінің жағдайы біртіндеп түзеліп келеді. Осыған қатысты көптеген жайттар бұрнағы күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде салынған қоныс тұрғындарымен кездесуі кезінде анықталып, алда жасалатын жұмыстардың жобасы белгіленді.
Ақтауда шекарашыларға 37 автокөлік пен автобустардың кілті тапсырылды. Жалпы, биыл Қазақстан Шекара қызметі 200 автотехника бірлігімен толығып отыр.
Алматы тұрғынынан 1,5 тонна орылған марихуана табылды. «Дельта-Долина» аймақаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Кеңес ауылының «Қырсымбал» учаскесінде 32 жастағы азаматты қолға түсірді.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz,
TengriNews, EgemenNews хабарлары
бойынша дайындалды.