15 Тамыз, 2013

Әуежайдың әлеуеті қандай болмақ?

221 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биылғы жаз Бурабай курортты аймағындағы хал-ахуалды кәдімгідей сынға салды. Әртүрлі жиындарда айтылып жүрген деректер бойынша, жазғы маусымда Ресейден ғана 150-200 мыңдай адам өз көліктерімен ресми және «жабайы» түрде демалысқа келеді екен. Әңгімені жол қатынасына, яғни Бурабайға жету мәселе­сі­не бұрсақ, Көкшетау әуе­жайы­ның маңыздылығы арта түседі. Мемлекеттік комиссия 30 нысаннан тұратын қайта құру құрылыстарын қабылдау жұ­мысына кірісіп кетті. Осы орайда, жұртшылық жаңа әуежай­дың әлеуеті қандай болатынын да білгісі келеді.

«Егемен Қазақстанның» Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Бақберген Амалбек «Көкшетау әуе компаниясы» АҚ президенті Узифолла Әжімолдаевқа:

– Сіз бұған не дейсіз?

– Үкімет қаулысымен Щучье-Бурабай курортты аймағын дамытудың 2012-2013 жылдарға арналған жоспары бекітілген. Онда Көкшетау әуежайын арнайы техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, ұшақтар мен қосалқы буындарға қызмет көрсету мәселесіне 600 миллион теңге бөлу қарастырылған. Қазір түбегейлі қайта құру жұмыстары аяқталды. Ұшу-қону алаңы шетелдік құрылғыларды орнатумен қатар, 2850 метрге ұзартылды. Сағатына 200 жолаушыны қабылдай алатын аэровокзал екі телескопиялық трап, лифт және эскалатормен жабдықталды. Мұнда жолаушыларға барлық қолайлы жағдайлар жасалумен бірге, тіркеу, шекаралық және кедендік рәсімдеу орындары қарастырылған. Әуекомпания «АИП» әлемдік жинағына әуежайдың ұшып-қону алаңы, апаттан құтқару шаралары, терминалдар, жолаушы және жүк тасымалдау жөніндегі анықтамаларын толық жариялайды. Ақпараттық блок іске қосуға дайын. Сондай-ақ, жылу қазандығы мен тара­ту жүйелерінің, зертхана ғима­ра­тының, жанар-жағармай орталығы мен трансформатор подстанциясы сияқты нысандардың жұ­мыстары аяқталды.

Қазірдің өзінде ұшақтар Ал­маты-Көкшетау-Алматы ба­ғы­тын­да аптасына 4 рет ұшса, Көк­шетау-Шымкент-Көкшетау рей­сі 5 тамыздан бастап жұ­ма­­сына екі рет қатынауда. Көк­шетау-Өскемен бағыты бойынша авиатасымалдау бар. Ендігі жерде Ақтау, Атырау, Ақтөбе бағытында дербес рейстер ашылатын болады. Жуырда ресейлік бірқатар әуекомпаниялардың, сондай-ақ, Омбы, Барнауыл, Тюмень, Новосібір қаласының әуежайлары басшыларымен кездестік. Онда жаз айларында Ресей мен Қазақстан жағынан әуе қатынастарының ұйымдастырылуы жөнінде сөз қозғалды. Мәселен, танымал «ТрансАэро» компаниясы Мәскеу-Көкшетау бағытымен аптасына екі рейс жасауға рұқсат алды. Сондай-ақ, Қазақстанның туристік фирмаларымен бірге Ресей, Германия мен Беларусьтен чартерлік рейстер ұйымдастыру жұмыстарын қолға алдық. Алдағы кезде Германия, Түркия, Қытай бағытында әуе қатынастарын ашу ниетіндеміз. Бұл ұмтылыс­тарымыз Бурабайдың ғана емес, Зеренді, Сандықтау аудан­дарындағы туристік индустрияны дамытуға септік жасайтыны белгілі.

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар