15 Тамыз, 2013

«Бар жақсымыз – балаларға!»

250 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Мектепке жол»акциясы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсетуге бағытталып отыр

ust-kamenogorsk Жақында Шығыс Қазақстан облысында 2013 жылғы оқумен қамтылмай қалған оқушыларды анықтау, сабаққа себепсіз және әлеуметтік себептермен бармаудың алдын алу, оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсетуге бағытталған дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы басталды.

 

«Мектепке жол»акциясы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсетуге бағытталып отыр

SAM 3050Жақында Шығыс Қазақстан облысында 2013 жылғы оқумен қамтылмай қалған оқушыларды анықтау, сабаққа себепсіз және әлеуметтік себептермен бармаудың алдын алу, оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсетуге бағытталған дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы басталды.

Биылғы жылы акция «Болашақты біз бірге жасаймыз» ұранымен өтіп жатыр. Облыстық балалар құқықтарын қорғау басқармасы Өскемен қаласы әкімдігімен бірлесіп қаладағы «Жастар» саябағының орталық алаңында «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуына арналған салтанатты шара өткізді.

Саябақта ән-күй төгіліп, көңілді әуен қалқыды, тамаша көңіл-күймен «Мектепке жол» дәстүрлі мерекесіне балалар мен ата-аналары, әжелері, балалар шығармашылық ұжымдары, ұстаздар мен қонақтар, демеуші­лер мен республикалық, облыстық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды.

ШҚО балалар құқықтарын қорғау басқар­ма­сы­ның басшысы А.Исаев және «Темірбанк» АҚ филиалының директоры мін­детін атқарушы Л.Дорош қатысушыларды құттықтап, әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасы балаларына оқу құралдары мен портфельдерді табыс етті.

Балалар кеңсе тауарлары салынған ертегі кейіпкерлері бейнеленген портфельдерге қуанса, ата-аналары ұйымдастырушылар мен демеушілерге балаларын назардан тыс қалдырмай мектепке дайындауға көмек­тескендері үшін алғыстарын білдірді.

Көрермендер Шығыстың жас дарын­да­ры­на, Өскемен қалалық әкімдігінің өнер мектептерінің оқушыларына қызу қолдау көрсетті.

Шара шеңберінде Өскемен қаласының Отбасы мен балалықты қолдау орталығының заңгерлері ата-аналар мен балаларға толғандырған сұрақтары бойынша кеңес берді.

Барлық қатысушылар мерекелік-ойын алаңында жағымды әсер алып, бос уақыттарын көңілді өткізді. Шараны өткізу­ші­лер «Казцинк» ЖШС, «Евразия» сауда орталығы, «Темірбанк» АҚ ШҚФ-ға қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

«Мектепке жол» акциясы бойынша осындай шаралар облысымыздың барлық елді мекендерінде өтіп жатыр, сөйтіп, жүрегі кең жомарт азаматтар балаларды жаңа 2013-2014 оқу жылына дайындауға белсенділікпен қатысуда.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.