Андрей Лаврентьевтің айтуынша, былтыр еліміздегі зауыттарда 50 мыңнан астам темір тұлпар құрастырылыпты. Келер жылға дейін бұл көрсеткішті 100 мыңға жеткізу көзделген.
Қазақстан автобизнес қауымдастығының төрағасы:
– Барлық жұмыстар кешенін есептей келе, 100 мың көлік шығаруға болады деп санаймыз. Қазіргі таңда Үкімет бізге лоукост-көліктер өндірісін шығару міндетін жүктеп отыр. Осындай бір автокөліктің құны 3 млн теңгеден аспауға тиіс. Бұған қатысты қосымша мемлекеттік бағдарламалар құрылады. Бұл көліктерді несиеге және лизингке беру де жоспарланып отыр. Осының бәрін ескерсек, жылына 100 мың темір тұлпар өндіруге қауқарымыз жетеді,–дейді.