Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Маңғыстау импорт алмастыру бойынша алдыңғы қатарда тұр

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша бағыттарды, импорт алмастыруды, экспортты дамыту жайында кеңейтілген кездесу өтті.

Маңғыстау импорт алмастыру бойынша алдыңғы қатарда тұр

Оған облыс әкімнің орынбасары Ә. Қыраубаев пен МО кәсіпкерлер палатасының директоры Н. Қарасаев қатысты. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметкерлер, қаржы институттары мамандары мен кәсіпкерлер келді. Бұл туралы МО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі хабарлады.

Шарада «Жобалау офисі» аясында ақпан айында берілген жеңілдетілген несие есебі айтылды. Сонан соң мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамту жағдайы талқыланды. Сонымен қатар
«2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы түсіндіріледі. Маңғыстау облысы импорт алмастыру жағынан алдыңғы қатарда екені атап өтілді.

-Бізде өткен жылмен салыстырғанда КРІ білім мен денсаулық салаларында 20% өсті. Бұл көрсеткішті мұннан әрі көтеретіндей мүмкіндік бар. Соны қолға алуымыз керек. Мектептер мен балабақшаларда балаларды тамақтандыру барысында сүт өнімдері толықтай жергілікті өніммен қамтамасыз етілетінін білеміз. Соның бәрі есепке қосылмай отыр. Осындай жағдайларды ескеруді ұсынамын, деді ӨКП директоры Нұрбек Қарасаев.

 

 

Маңғыстау облысы