17 Тамыз, 2013

«Достықтың алтын көпірі» мәдени шарасы балалар арасындағы бірлікті көздейді

590 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес, 27 шілде мен 10 тамыз аралығында «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығы базасында «Достықтың алтын көпірі» ауысымында Қазақстан халқы Ассам­блея­сының жас өкілдерімен кездесу болып өтті.

IMG 0075

 

Білім және ғылым министрлігінің бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес, 27 шілде мен 10 тамыз аралығында «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығы базасында «Достықтың алтын көпірі» ауысымында Қазақстан халқы Ассам­блея­сының жас өкілдерімен кездесу болып өтті.

IMG 0075

Қазақстандағы барлық халықтың ынтымағы мен достығын, бейбітшілікті, сабақтастықты, бірлік пен қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған «Достықтың алтын көпірі» шарасы ынтымақ пен достық рәуіште өтті. Міне, 11 жылдан бері «Достықтың алтын көпірі» ауысымы осындай мазмұнда өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты – халықтардың этномәдени негізінде танымдық және қолайлы орта туғызу болып табылады. Ең бастысы, бұл еліміздің түкпір-түкпірінен демалуға келген барлық балалардың басын біріктіру және топтастыру. Сондықтан да аталған іс-шараның бағдарламасы жалпыадамзаттық құндылықтар – дос­тық, әділдік, ынтымақтастық, ізгі­лік, өзара құрмет пен сүйіспеншілік еке­­­нін сезінуіне құрылған. Бұған алыс және жақын шетелдерден, яғни Ре­сей Федерациясының Санкт-Пе­тер­бург қаласынан, Өзбекстаннан, Қыр­ғыз­стан­нан, Моңғолиядан, Қытай мен Из­раил­­ден қазақ диаспорасының балалары шақырылған.

Ауысымның басында-ақ балалар орталықтың жалпы шараларына белсенді кірісіп кетті. Ауысымды әзірлеуде біз игі дәстүрді ұстандық. Өйткені, тек бізде ғана жастардың арасында дәстүрлерді жал­ғастырудың бірегей мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, біз жастармен жұ­­мыс істеудің жаңа үлгісін жасаушы болдық.

Ауысым аясында балалар дөңгелек үстел басында меймандар – «Шалқар» қазақ радиосының редакторы Әсел Ергешпен, қазақ эстрадасының әншісі Жаңабай Өтегенмен және «Дарын» мем­лекеттік жастар сыйлығының лауреаты, домбырашы Мұрагер Сауранбаевпен кездесті. Кездесуде балалардың өздерін қызықтырған сұрақтар қоюына да мүмкіндік жасалды.

Ауысым барысында түрлі халық­тардың мәдени күндері де аталып өтілді. Балалар әртүрлі тақырыптарға аса қызығушылық танытумен болды. Радиодан ұлттар мен ұлыстардың мәде­ние­ті жайында қысқаша ақпараттар беріліп, күні бойы әртүрлі шаралар, ойындар, конкурстар ұйымдастырылды. Бұл шаралардан асхана қызметкерлері де тыс қалмай, ұлттық мәдениеттер күні олар әрбір ұлттың тағамдарын әзірледі. Балалар арасында түрлі спорттық ойындар өткізіліп, олар галерея мен киіз үйдегі этнографиялық мұражайды тамашалады.

Ауысым қорытындысы бойынша өткізілген гала-концертте барлық көрсетілімдер сахнаға шығарылды. Гала-концертті Ресей Федерациясынан (Санкт-Петрбург) келген қонағымыз Салтанат Қадырсейітова «Балбырауын» күйімен, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының өкілдері Клара Садырбаева мен Үсен Шындәулетов «Сұлу қыз» музыкалық нөмірлерімен, Қырғызстан қазақтары ассоциациясы төрағасының орынбасары Тілеухор Бошумова және «Балдәурен» орталығының бас директоры Мұхитдин Төлепбай «Көзімнің қарасы» әндерімен әрлендіріп жіберді.

«Достықтың алтын көпірі» ауысы­мын­да Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның жас өкілдерімен кездесудің қорытындысы бойынша оған қатысу­шыларға грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Елена ЗАРУДНИЦКАЯ,

«Балдәурен» республикалық

оқыту-сауықтыру орталығы

әдістемелік бөлімінің ғылыми әдіскері.

Соңғы жаңалықтар