17 Тамыз, 2013

Әлем чемпионатын бірге тамашалаймыз

325 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазақстан» РТРК» АҚ   FIFA World Cup келесі жылы Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатын Қазақстан аумағында тарату үшін тендер ұтып алды. Чемпионат 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді.

 

«Қазақстан» РТРК» АҚ   FIFA World Cup келесі жылы Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатын Қазақстан аумағында тарату үшін тендер ұтып алды. Чемпионат 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді.

«Қазақстан» РТРК» АҚ әлемдік деңгейдегі маңызы зор беделді футбол чемпионатын Қазақстан аумағына тарату құқығына осымен екінші рет ие болып отыр. Был­тыр «Қазақстан» және «Бірінші арна Еуразия» телеар­налары Украина мен Польшада өткен Еуропа чемпионатын көрсетті. Бұл жобаны Қазақстан аумағында жүзеге асыру жұмыстарына УЕФА-дағы (Еуропаның футбол ассоциациясы одағы) әріптестеріміз жоғары баға берді.

2014 FIFA World Cup футболдан өтетін әлем чем­пионатын (барлығы 64 ойын) «Қазақстан», «Бі­рінші арна Еуразия» және «KAZsport» телеарналары көрсетеді. «Қазақстан», «Бірінші арна Еуразия» теле­арналары 32 ойынды тікелей эфирден таратады. «KAZsport» телеарнасы «Қазақстан» және «Бірінші арна Еуразия» телеарналары таратқан 32 ойынды және әлем чемпионатындағы 64 матчты толық қайталап көрсетеді.

«Қазақстан» және «KAZsport» телеарнасы таратқан футбол ойындарын www.kaztrk.kz и www.kazsporttv.kz сайттары он-лайн түрінде көрсетеді.

«Қазақстан» және «KAZsport» телеарнасы 6 желтоқ­­санда шешуші таңдау салтанатын (соңғы жеребе салу), келесі жылдың 12 маусым күні өтетін ашылу салтана­ты мен футбол ойындарының басталуын тікелей эфирде көрсетеді. Үшінші орынға таласатын ойын да «Қазақ­стан» және «KAZsport» телеарналарында тікелей эфир арқылы көрерменге жол тартады. Ал 13 шілде күні әлем чемпионатының финалы мен жабылу салтанатын «Қазақстан» мен «Бірінші арна Еуразия» телеарналары тікелей эфирден тарататын болады.

«Қазақстан» және «KAZsport» телеарнасы «Road to...» атты 20 бөлімнен тұратын (қалалар, әлем чемпио­наты өтетін стадиондар, ойынға қатысатын ұлттық құрамалар, жанкүйерлер, әлем чемпионатының тарихы мен оның жеңістері туралы) футбол додасы алдындағы күнделік бағдарламаларды көрсетеді.

Әлем чемпионаты қарсаңында және ойын барысында әртүрлі бағдарламалар, шоулар мен сараптамалық хабарлардан тұратын қомақты жобалар жүзеге асады. Әлем чемпионаты кезінде «Қазақстан» және «KAZsport» телеарналарында өткен футбол ойындарына күнделікті шолу жасалады.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».