Қазір мұнда көшеттер топыраққа отырғызылып, күтіп-баптауға алынған. «Лимонның көшеттерін 2016 жылы Өзбекстаннан арнайы алдырттық. Жылыжай құрып, үшінші жылы 3 тонна, ал былтыр 5 тонна өнім алдық. Әр түп шамамен 30-40 келіден өнім берді. Негізінен әр түп лимон 25-30 жыл өнім беруге қауқарлы» дейді жылыжай бағбаны Юлдаш Аблазов.
Жалпы, «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының иелігінде 17 гектар жер бар. Оның 6 гектарына шабдалы, 20 соттығына жүзім, 20 соттығына лимон, 80 мың түп шайлы роза көшеттері егіліпті. Қожалық төрағасы Мұрат Жұмабеков алдағы жылы лимон көлемін тағы да 30 соттыққа арттыруды жоспарлап отыр.