20 Тамыз, 2013

Оқу-жаттығудың шешуші кезеңі аяқталды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің жетекшілігімен өткізілген «Батыс-2013» жедел-так­тикалық командалық-штаб­тық оқу-жаттығуының ше­шу­ші кезеңі аяқталды.

Оқу-жаттығудың маз­мұ­ны бойынша Құрлық әс­керлері Әуе қорғанысы күш­терімен, Әскери-теңіз күш­­терімен және ҰҚК Шека­ра қызметімен бір­лесіп, мемлекеттік шекара­да­ғы және Қазақстан Рес­пуб­ликасының су бөлігі сы­зығындағы жағдайды қал­пы­на келтірді. Оқу-жаттығуда Құр­лық әскерлерінің бөлім­ше командирлері мен басқару органдары қарсы шабуылды жүргізу барысында әскерлерді басқару және шартты қарсылас түсірген десанттың көзін жою іс-шаралары бойынша жақсы тәжірибе жинақтай алды. Қарулы Күштер түрлерінің, сондай-ақ, өзге де әскерлер мен әскери құрылымдардың келісілген іс-қимылдары жат­­тығуды өткізудің шешу­ші сәті болды.

Құрлық әскерлері бас қол­басшысының берген бағасы бойынша бөлімшелер алдарына қойылған жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындай алатындарын тәжірибе түрінде көрсете алды.

«Егемен-ақпарат».