Қытайдың Нанжин қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ІІ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күні еліміз құрама командасы қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы EgemenNews тілшісі шетелдік БАҚ-тар дерегіне сүйеніп хабарлады.
Бұл жүлдені дзюдодан 55 килоға дейінгі салмақта сынға түскен Анатолий Дураченко жеңіп алды. Ол соңғы кездесуінде тай спортшысын ұтты.
Дастан Кенжалин.
Суретте: оң жақтан екінші Анатолий Дураченко.