20 Тамыз, 2013

Азиада: алғашқы алтын медаль қоржынға түсті

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Александр Мухамадиев

Қытайдың Нанжин қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ІІ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын иедальге қол жеткізді.Бұл туралы EgemenNews тілшісі шетелдік БАҚ-тар дерегіне сүйеніп хабарлады.

Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша спортшымыз Александр Мұхамедиев Азия ойындарының чемпион атанды. Осы сында біздің тағы бір отандасымыз Давид Пошивалов қола жүлдеге ие болды. Ал екінші орынды катарлық Халед Әл-Мунсарри еншіледі.

Қазір біздің қоржынымызда 1 алтын, 2 қола медаль бар. Жалпы есепте әзірге бесінші орында келеміз.

Тағы бір ақпарат, гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы алғашқы ойынында Таиланд командасын 25:12 есебімен ұтты. Жеңістеріміз жалғаса берсін!

Дастан Кенжалин.

Ортада Александр Мухамадиев он жактағы бірінші Давид Пошивалов

Суретте: ортада Александр Мұхамедиев, оң жақтағы бірінші Давид Пошивалов, Александр Мұхамедиев, Давид Пошивалов.