20 Тамыз, 2013

Эквадор полициясы 3 тоннадан аса кокаин есірткісін тәркіледі

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Три тонны кокаина

 

Эквадор құқық қорғау қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шара нәтижесінде Гуакиля портында жалпы салмағы үш тоннадан асатын кокаин есірткісі табылды. Бұл туралы жергілікті ішкі істер департаментінің берген ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

Полиция қызметкерлері Алжир мен Испанияға жол тартқалы тұрған кемедегі сүрленген пальма өзегі сақталған үш контейнерді тексерген. Нәтижесінде бұл жерден 3,2 тонна кокаин есірткісі табылды.

«Кейінірек тұтқындалғандар жайлы қосымша ақпарат беретін боламыз», – деп мәлімдеді істер департаментінің басшысы Хосе Серрано.

Айдар Өрісбаев.