21 Тамыз, 2013

Қазақ жер-суы үшін күрескен қайраткер

333 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Революцияға дейінгі ұлт қай­рат­керлерінің өмірі мен қызметіне шұқшия көз салуым өткен ғасырдың 80-жылдарынан басталған еді. Бұл әуестігіме, әсіресе, «Социалистік Қазақстан» газеті үшін Бірінші орыс революциясының 80 жылдығына орай мақала әзірлеу барысындағы ізденістерім ерекше серпін берді. Бүгінде жұртшылыққа кеңінен әйгілі Қоянды петициясын сонда мұрағат қорынан кезіктірген едім. Азаттық қозғалысының ғасыр басындағы көріністері 1905 жылы заман талабына сай жаңаша өрістеу жолына түскенін алғаш сол тілек-хаттан шамаладым. Мәселеге қызығушылығым арта түсіп, қозғалыс қайраткерлері мен олардың іс-әрекеттері жайында кө­бірек біліп алуға тырыстым. Біл­ген­дерім мен қорытқандарым кезін­де белгілі дәрежеде мерзімді басылымдарда жарияланып тұрды. Қазірде де солай. Кейіпкерлерімнің арасында қазақ даласындағы әділет, теңдікті көксеген ХХ ғасыр басындағы ұлттық қозғалыс көшбасыларының бірі Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев та бар. Мен бұл кісінің өмір жолын, ол бел ортасында жүрген оқиғаларды түрлі еңбектер, зерттеулер, естеліктер, қайраткердің өз жазғандары арқылы жан-жақты қарастырдым. Қарастыра келе, оның алғашқы революция жылдары қазақ мүддесі жолында аянбай күресіп, нақты істер тындырған үлкен күрескер болғанына көзім жетті. Осы жайында айтқым келеді.

Көзіқарақты оқырманға көп­тен мәлім, Бақытжан Қаратаев Импе­ра­тор­лық Санкт-Петербург университетінің заң факультетін есімі бетіне ойып жазылған алтын медальмен 1890 жылы бітірген. Жас маман билік жасаушы сенатта қалдырылады. Сонда бір жылдай жұмыс істейді. Одан Кутаисиге тер­геушілік қызметке жіберіледі. Ол қоғамдық-саяси тыныс-тіршіліктің астанадағы буырқанысын студенттік шақтан білетін, біліп қана қоймай, араласып та жүрген, сонысы үшін полиция тарапынан бақылауда болып, ескерту алып та үлгерген. Ал Кавказда грузиндердің саяси қозғалысын өз ынтасымен қатар, қызмет бабына орай да жан-жақты таныды. Көптеген қоғам қайраткерлерімен тікелей таныс болды, империядағы ұлт мәселесін терең тани түсті. Алты жылдан кейін туған өлкесіне, Қазақ елінің батысына оралғанында, отарлық озбырлықтың мұнда бұрынғыдан да өрши түскенін көрді. Ішкі губерниялардан шаруаларды қазақ жеріне әкеліп қоныстандыру үшін қазақты үйреншікті жер-суынан түрлі әдіспен ығыстыру әрекеттері көз алдында жүзеге асырыла бастады. Отар қамытын киген қазақтың соңғы наразылық көтерілістері Қаратаевтың бала кезінде, 1869–1870 жылдары империяның қарулы күшімен тұншықтырылған еді, содан бері іштен тынған халық енді ата-қонысынан амалсыздан көшіп жатқан. Қаратаев мұндай заңсыздыққа ара түсе алмады. Бәлкім, ара түспек әрекеттерінің салдарынан болар, оған өлкеде білім-білігіне сәйкес қызмет тұтқасы ұстатылмады. Сондықтан жеке адвокаттық кәсіппен шұғылданып жүрді.

Империядағы революциялық қоз­ға­лыстың дүмпуі оны нақты саяси жұмысқа араластырды. Үкіметтің ше­гі­ніс­терге баруы нәтижесінде туған 1905 жылғы құжаттар – халықта

Соңғы жаңалықтар

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06

Жасанды интеллект жаңылса, кім жауапты?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:13