Спорт • 10 Наурыз, 2020

Бокс: Зәкір Сафиуллин финалға шықты

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Иорданияның бас шаһары – Амманда бокстан Токио Олимпиадасына жолдама беретін Азия және тынық мұхиты аймағы турнирінің жартылай финалы өтіп жатыр.

Бокс: Зәкір Сафиуллин финалға шықты

Фото: Данияр Майлыбаев

Күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин (63 кг) жарыс қожайыны иорданиялық боксшы Обада Мохаммед Мустафа Алкасбехті 3:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алы.

Жекпе-жектің бірінші раундында төрешілер Обада Мохаммед 5:0 есебімен жеңді деп есептеген болатын. Алайда қалған екі раундта отандасымыз басымдықты өз қолына алып, қарсыласынан жеңісті жұлып алды.

Енді Сафиуллин финалда Өзбекстанда туған этникалық қазақ Елнұр Әбдірайымовпен жұдырықтасады.

 

Фото: Данияр Майлыбаев