Жақында Болгарияның София қаласында өткен әлем чемпионатында семейлік таэквондошы Нұрбол Шалкенов 71 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальді еншіледі. Аталмыш әлемдік додаға 80-нен астам елдің спортшылары қатысты.

– Чемпионатқа әр елдің ең мықтылары жиналды, – деді Нұрбол Шалкенов. – Қазақстаннан 13 адам бардық. Менің ойымша, біздің барлық спортшылар жақсы өнер көрсетті. Біз ең жақсы көрсеткішке жеттік. Қоржынымыз 2 алтын, 1 күміс медальмен толықты. Жалпы командалық есепте Қазақстан бесінші орынға шықты.
– Спарринг, техника, күшпен қарсылық көрсету сияқты бағдарламалар бар, – дейді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Махаббат Советхан. Абзал Жұмағалиев жеке спаррингте өнер көрсетсе, Жұлдыз барлығына қатысты. Командалық есепте ең үздіктер таңдалынып шығатындықтан, Нұрбол соған кірді. Енді біздің спортшылар Қарағанды қаласында өтетін ел Кубогына дайындалып жатыр.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.