21 Тамыз, 2013

Нұрбол Шалкенов – әлемнің күміс жүлдегері

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Болгарияның София қаласында өткен әлем чемпионатында семейлік таэквондошы Нұрбол Шалкенов 71 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальді еншіледі. Аталмыш әлемдік додаға 80-нен астам елдің спортшылары қатысты.

– Чемпионатқа әр елдің ең мықтылары жиналды, – деді Нұрбол Шалкенов. – Қазақстаннан 13 адам бардық. Менің ойымша, біздің барлық спортшылар жақсы өнер көрсетті. Біз ең жақсы көрсеткішке жеттік. Қоржынымыз 2 алтын, 1 күміс медальмен толықты. Жалпы командалық есепте Қазақстан бесінші орынға шықты.

– Спарринг, техника, күшпен қарсылық көр­сету сияқты бағдарламалар бар, – дейді Қа­зақстан Республикасының еңбек сіңірген жат­тықтырушысы Махаббат Советхан. Абзал Жұма­ғалиев жеке спаррингте өнер көрсетсе, Жұлдыз барлығына қатысты. Командалық есепте ең үздіктер таңдалынып шығатындықтан, Нұрбол со­ған кірді. Енді біздің спортшылар Қарағанды қала­сында өтетін ел Кубогына дайындалып жатыр.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.