21 Тамыз, 2013

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ № 418, № 5-3/605

259 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

2012 жылғы 23 қараша                   № 418                          Астана қаласы

Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрлігі

2012 жылғы 29 қараша                      № 5-3/605                              Астана қаласы

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Консерві өнімін өндіруші кәсіпорындардың өніміне ассортименттік нөмірлер және реттік есеп нөмірлер беру мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 3 сәуірдегі және Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы вице-министрінің 1998 жылғы 31 наурыздағы бірлескен шешімнің күші жойылды деп тану туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз:
1. Консерві өнімін өндіруші кәсіпорындардың өніміне ассортименттік нөмірлер және реттік есеп нөмірлер беру мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 3 сәуірдегі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрінің 1998 жылғы 31 наурыздағы шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №513 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А.Сәтбаев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Премьер-    Қазақстан Республикасы Ауыл
Министрінің орынбасары-Қазақстан    шаруашылығы министрі
Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрі
__________________Ә.ИСЕКЕШЕВ.    ________________ А.МАМЫТБЕКОВ.