21 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің бұйрығы №446

350 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2012 жылғы 25 желтоқсан ,      Астана қаласы

Спорт түрлерінен жарыстардың қағидалары бекіту туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 23-тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Спорт түрлерінен жарыстардың қағидалары» осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында спорттық іс-шараларды өткізу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 21 шілдедегі № 06-2-2/229 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6617 тіркелген, 2010 жылғы 29 қарашадағы № 3030 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);
2) «Спорт түрлерінен жарыстардың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2010 жылғы 18 қазандағы № 01-01-07/ 146 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6617 тіркелінген, 2010 жылғы  30 қарашадағы № 325 (26386) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
3. Стратегиялық даму департаменті (Д. Қамзебаева):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға             Т.Ермегияев

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының
2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығымен бекітілді

Спорт түрлерінен жарыстардың қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы спорт түрлерінен жарыстардың қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру Заңының 23-бабы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және спорт түрлерінен жарыстардың Қазақстан Республикасының аумағында өткізу тәртібін айқындай отырып, төмендегідей тараптарды қамтиды:
1) спорттық ұйымдардың жарыстарды өткізуі;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі немесе жүлдесі үшін жарыстарды өткізу:
3) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт және қоғам қайраткерлерінің атына немесе белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт және қоғам қайраткерлерінің жүлдесі үшін республикалық жарыстар өткізу;
4) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың немесе спорт қайраткерлерінің есімдерін облыстық жарыстарға беру және олардың атынан жүлделер белгілеу;
5) Жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге арналған шығыстарды жабу;
6) Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру;
7) Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерінің тізілімін жүргізу.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) спорттық жарыс – жарыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында әр түрлі спорт түрлері бойынша спортшылардың немесе командалардың арасындағы сайыс;
2) спорттық пән – жарыстар өткізілетін қандай да бір спорт түрінің жеке жаттығуы немесе жекелеген жаттығулар кешені;
3) халықаралық спорттық жарыстар – кемінде 5 (бес) мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен спортшылар (командалар) арасында спорт түрінен өтетін жарыстар;
4) халықаралық жарыстар – спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың бұқаралық-спорттық іс-шаралар күнтізбесіне енген жарыстар;
5) кешенді жарыстар – спортшылар арасында орындарды бөлетін және командалар арасында жалпы командалық есепті шығаратын спортшылар (командалар) арасындағы бірнеше спорт түрінен жарыстар;
6) республикалық жарыстар – бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбесіне енгізілген республикалық спорт жарыстары;
7) облыстық, қалалық, аудандық жарыстар – дене шынықтыру және спорт жөніндегі тиісті жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық-спорттық, күнтізбесіне енгізілген облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстар;  
8) Қазақстан Республикасының спорт түр

Соңғы жаңалықтар

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06