21 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 241

315 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2013 жылғы 28 маусым ,     Астана қаласы

«Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйырамын:
1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, «Заң газетінде» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.
Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.»;
11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1) 9 (10)-сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды емтихан;
2) 11 (12)-сыныптардың білім алушылары үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе мемлекеттік бітіру емтихандары.
12. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдірген бітірушілер, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді.
Тізбесін білім саласындағы уәкілетті орган анықтайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстар­дың) қатысушылары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының, халықара­лық мектептердің бітірушілері осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім туралы аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификатта­рының балына ауыстыру шкаласы негізінде берілген ҰБТ сертификатын алу арқылы ҰБТ-дан босатылады.
ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер қорытынды аттестаттауды білім беру ұйымында мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында өтеді.
13. Халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылар, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың бітірушілері, «Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 261 қаулысымен белгіленген жағдайларда ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өтеді.
14. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды қорытынды емтихан және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - емтихан комиссиясы) жалпы білім беру ұйымдарында өткізеді.
Білім беру ұйымдарының басшылары басқаратын емтихан комиссияларының құрамына білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері, пән мұғалімдері кіреді.
Емтихан комиссияларының саны мен жеке құрамы (кемінде 5 адам) жыл сайын 20 сәуірден кешіктірілмей білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік жыл бойы күшінде болады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қорытынды аттестаттау өткізілетін оқу пәндерінің тізбесін және 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды емтихан, 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін ҰБТ және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Минист