21 Тамыз, 2013

Айсұлтан Назарбаевтың үйлену тойы өткізілетін жер белгілі болды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айсултан и Алия

Президенттің немересі Айсұлтан Назарбаевтың үйлену тойы өткізілетін күн белгілі болды. Ол өзінің сүйіктісі Әлия Боранбаевамен некесін тамыздың соңына қарай қияды. Бұл туралы «31» телеарна хабарлады.

Үйлену тойы Іле Алатауы баурайында орналасқан «Royal Tulip» ресторанында өткізілмек. Ал Айсұлтанның болашақ жары «ҚазРосгаз» Қазақтан-Ресей біріккен кәсіпорынның жетекшісі Қайрат Боранбаевтың қызы болып шықты. Әрі ол танымал актер Әнуар Боранбаевтың немересі екен. Арқалықта туып-өскен Әлия қазір Лондондағы Картолд университетінде оқиды.

Данияр Түймебай.