21 Тамыз, 2013

Оралда мемлекет қаржысын жымқырған кооператив бастығы ұсталды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Воровство

Орал қаласында прокурорлар кезекті тексеру барысында ауыл шаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаның өрескел бұзылғанын анықтады. Нақты айтқанда, «Батыс Пойма Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің бастығы Армат Ахметов көктемгі далалық жұмыстар мен егін ору науқанына бөлінген қаржыны жымқырған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Айыпталушы 19 диқанға «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» бөлген 339 млн. 600 мың теңгені алғандығы туралы қол қойғызған екен. Негізінде бұл қаражатты А. Ахметов бас пайдасына жаратып жіберген. Қазір ол қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 176-бабының бірнеше тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бақытбек Кенешұлы.