21 Тамыз, 2013

«Оңтүстіктің инвестициялық жобалары» атты төртінші көрме өтті

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкент-көрме-1

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Оңтүстіктің инвестициялық жобалары» атты кезекті төртінші көрмесі өткізілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрменің басты мақсаты облыс аудандары мен қалаларындағы тоқтап қалған кәсіпорындар мен жобаларға инвестиция тартып, қайта жандандыру болып табылады. Бүгінгі көрмеде Түркістан, Арыс қалалары мен Отырар ауданындағы 30-ға жуық инвестициялық жобалар стендтерде көрсетіліп, өз кезегінде әр аудан әкімдері жобаларды таныстырып өтті. Аталған көрме Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасымен өткізілуде.

Шымкент-көрме-2

«Біздің орталық мамандары көрмеде көрсетілетін жобалар туралы жан-жақты және толыққанды ақпараттың тарытылуын, мысалы жылы-жай, бақ егу сияқты жобалар ұсынылатын болса, аудан немесе қалалардағы климаттық жағдайлары туралы мәліметтің инвесторларға жеткізілуін қамтамассыз етеді», – дейді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Нұржан Алтаев.

«Бүгінгі көрмеде кәсіпкерлерге Арыс, Түркістан қалаларындағы, сондай-ақ Отырар ауданындағы жобалар көрсетілген. Аудан әкімдері инвесторларға Арыс қаласы мен Отырар ауданындағы индустриалды аймақтарда кәсіпкерлерге ұсынылатын тиімді шарттары, Түркістан қаласында пластикалық шөлмек шығаратын зауытты салу жобасы туралы, т.б. бірқатар жобаларды ұсынатын болады. Көрме соңында жобаларға қызығушылық танытқан инвесторлар мен аудан әкімдіктері арасында бірқатар меморандумдарға қол қойылады деп жоспарлануда», – деді Н.Алтаев.

Шымкент-көрме-3

Іс-шара барысында инвесторларға аудандардағы пайдалы қазбалар қорлары, құрылыс жобалары, ауылшаруашылықты дамыту т.б. инвестиция қажет ететін жобалар таныстырылды. Инвестициялық жобалар көрмесі әр аптаның сенбі күнінде 24 тамызға дейін жалғасады. Көрме қорытындысы бойынша инвесторлар мен әкімдіктер арасында 12 меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қойылған жобалардың ішінде Арыс қаласында пенабетон мен пескоблок, макарон өнімдерін шығаратын зауыттарын салу, Отырар ауданында құрама жем шығару цехін, Түркістан қаласында сүт өнімдерін өндіретін цехін салу т.б. жобалар бойынша келісімдер жасалып, іске асырылатын болды. Көрменің төртінші күнінің қорытындысы бойынша жалпы соммасы 4,4 млрд теңгеге инвестициялық жобалар іске асырылып аталған аудандарда 454 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

Сұлтан Бозайғыр.

Соңғы жаңалықтар

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06