«18 мамырға дейін жағдайдың қандай болатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Десе де, қазіргі таңда енгізілген шектеулердің салдарынан біз тыңғылықты дайындық жүргізе алмаймыз. Сол себепті, жарысты өткізу мерзімін кейінге шегеруді жөн санадық. Біз жауапкершілікті сезінеміз және баршамыздың қауіпсіздігіміз үшін бірге жұмыс істеуіміз керек», дейді Франция теннис федерациясының президенті Бернард Джудичелли.
Енді теннистен Франция ашық чемпионаты 20 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жанкүйерлер сатып алған билеттерін қайтаруы немесе күзде өтетін жарыс билетіне ауыстыруларына болады.
Айта кетейік, бұған дейін Кәсіпқой теннис ассоциациясы ATP жарыстарын 20 сәуірге дейін, ал әйелдер теннисі ассоциациясы WTA бәсекелерін 2 мамырға дейін тоқтатқан болатын.