Видео • 18 Наурыз, 2020

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші ұсталды (видео)

495 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

102 оператор пультіне облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде автотұрақта «Тойота Ланд Крузер» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде екені туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлайды Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші ұсталды (видео)

Оператор жедел түрде барлық автопатрульдерге осы машинаны ұстауға бағдар берді.

Біраз уақыттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері Абай-Ломов көшелерінің қиылысында автокөлікті анықтады.

Ал одан әрі кино сияқты. Жүргізуші көлік құралын тоқтату туралы полиция қызметкерлердің заңды талаптарын елеместен, сонымен қатар, жолда апаттық жағдай туғызып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, нағыз жарыс ұйымдастырған.

Тәртіп сақшыларынан жасырынудың сәті түспеді, тәртіп бұзушыны патрульдік полицейлер ұстап, медициналық куәландыруға жеткізді.

Сараптама қорытындысы бойынша фактілер расталды, 25 жасар павлодарлық шын мәнінде мас күйінде болған.

Жол берілген барлық бұзушылықтар үшін автокөлік арнайы автотұраққа қамалды, ал жүргізушіге қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік іс қозғалды:

- ҚР ӘҚБК 593 б. 2 (қауіпсіздік белбеулерін пайдалану ережелерін сақтамау). Айыппұл 5 АЕК.

- 599 с. 1 ҚР ӘҚБК (бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту). Айыппұл 10 АЕК.

- ҚР ӘҚБК 612 Б. 1 Б. (жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқару). Айыппұл 5 АЕК

- 613 с.1 (ІІО қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау). Айыппұл  30 АЕК

- 608 с. 1 (мас күйінде көлік құралын басқару). Павлодар қаласының әкімшілік соты Павлодар қаласының жүргізушісін 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.