Саясат • Бүгін, 09:12

Су тасқынына дайындық күшейтілді

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өңірлерде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе қаупі бар аумақтарды тексеруге кірісті. Олар нысандардың жай-күйін бақылап, мониторинг жүргізіп, инженерлік инфрақұрылымның деңгейін бағалайды.

Су тасқынына дайындық күшейтілді

Астана қаласында ТЖД басты­ғы­ның орынбасары Өміржан Тұқышев әкімдік өкілдерімен бірге су тасқыны қаупі бар ай­мақтарды аралап, тексеру жұ­мыстарын жүргізді. Мақсат – су тас­қыны жағдайын бағалау, қар жамылғысының жай-күйін және оның еру барысын бақылау, еріген судың жиналуы мүмкін орын­дар мен қауіпті учаскелерді анық­тау. Қазіргі уақытта елордадағы жағдай толық бақылауда, барлық қызмет күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр.

Ақмола облысында ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті басқармасының басшысы Магомет Ахриев те су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалу барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында жаға­лау­ларды бекіту, өзен арналарын тереңдету, бөгеттерді қайта жаңарту, қорғаныш білек­терін салу және су бұру арна­ларын тазалау жұмыстары жүр­­гізіліп жатқан қауіпті учас­келер тексерілді. Соны­мен қатар инженерлік және су сору техникасының дайындығын көрді. Тексеру қорытындысында су тасқы­нына қарсы шараларды күшейту және қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру жөнінде ұсыныстар берілді.

Ақтөбе облысында ТЖД мен «Қазгидромет» РМК филиалы бірлесіп Елек, Қарғалы, Ембі, Темір, Ойыл, Үлкен Қобда өзендерінің жоғарғы ағы­сында маршруттық зерттеулер жүр­гізді. Тексеру барысында қар жамылғы­сының қалыңдығы мен тығыздығы өлшеніп, өзен арналарының жай-күйі, мұздың түзілуі және су өткізу қабілеті бағаланды. Алынған деректер су тасқыны жағдайына қатысты болжамды нақтылауға және қауіп аймақтарын алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысында су тасқынына дайындық ерекше бақылауда. ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу ко­митеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаров өңірдегі су тасқыны қаупі бар елді мекен­дерді аралады. Тексеру барысында қорғаныш білектерінің, су бұру арналарының және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін бағалап, анықталған мәселелер бойынша жедел ше­шім­дер қабылданып жатыр.

Қостанай облысында көктем­гі су тасқынына дайындық жұмыс­тары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар су тасқы­­ны қаупі бар аумақ­тар­ды тек­­серу, қорғаныш біліктері мен бө­ген­­дердің, су бұру арналары мен гидротехникалық құры­лыс­тардың жай-күйін бағалау, сондай-ақ өзен арналарын тазалау және терең­дету жұмыстарын қамтиды. ТЖМ Азаматтық қор­ғаныс және әскери бөлімдер коми­теті төрағасының орынбасары Алексей Советов жергілікті ат­қарушы органдармен бірлесіп, бір­қатар аудан мен елді ме­кен­дегі қауіп деңгейін бағалады.

Тексеру барысында тұр­ғын үйлер­ді, автомобиль жол­дарын және инже­нерлік инфра­құрылымды қорғау мәселесі­не ерекше назар аударылды. Нәтижесінде, су тасқынына қарсы шара­ларды күшейту, қор­ғаныш құры­лыстарының жарамды жай-күйін қамтамасыз ету және көктемгі су тасу кезеңінде жедел әрекет етуге қызмет­тердің дайындығын арттыру бойынша ұсыным берілді.

Түркістан облысында ТЖД бастығы Бағдат Шайзада су­қой­­малары мен гидро­техни­калық нысандардың жағ­дайын тексерді. Салалық мамандардың қатысуымен мониторинг жүргі­зіліп, су деңгейі, қорғаныш бөген­дерінің берік­тігі және су өт­кізу құ­рыл­ғыларының жұмыс­қа жарам­­дылығы зерделенді. Су тас­қыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қам­та­масыз етуге және гидротех­ника­лық нысандарды тұрақты бақы­лауда ұстауға ерекше мән берілді.

Жалпы алғанда, республикада көк­тем­гі су тасқынының алдын алуға бағыт­талған кешенді іс-шаралар жос­пар­лы түрде жүргізіліп, жағдайдың ушы­ғуына жол бермеу үшін барлық қажет­ті ресурс жұмылдырылған. Әрі жауап­тылардың қатаң бақылауында. 

Соңғы жаңалықтар