Экономика • 19 Наурыз, 2020

Салық төлеушілерге жеңілдік жасалады

585 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде төтенше жағдай енгізілгеніне байланысты Мем­лекет­тік кірістер комитеті кәсіпкерлерге бірқатар мем­лекет­­тік қолдау көрсетпек. Қолдау шаралары инвес­тиция­лық салық­тық артықшылықтар, арнайы экономикалық аймақтар, арна­йы салықтық режімдер арқылы жасалады.

Салық төлеушілерге жеңілдік жасалады

Комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, жеңілдіктер кә­сіп­керлік субъектілері мен аг­ро­өнеркәсіп кешенін қолдауға арналған.

– 2018 жылдың қорытын­ды­сы бойынша салық төлеушілер 4,5 трлн теңгеге салықтан босатылды. 2019 жылы да осындай мөлшерде салықтық жеңіл­дік­тер жасалды. Биылдан бастап арнайы салық режімі бойынша есеп айырысатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері 3 жылға салық төлеуден босатылды. Бұл субъектілерді тексеруге мораторий жария­лан­ды. Бұған қоса елімізде тө­тен­ше жағ­дай­дың енгізілуіне байла­нысты, қарым-қатынасты азайту үшін заңды және жеке тұлғаларға дек­ларация тапсыру мерзімі төтен­ше жағдайдың уақытына сәйкес келгендіктен, оны 30 күн­тізбелік күнге кейін­ге шегеру туралы шешім қа­был­дан­ды, – деп хабарлады тиісті комитет.

Сондай-ақ Салық кодексінде төтенше жағдай кезінде қарыз ке­йінге шегерілсе, оған өсімпұл есеп­тел­мейді. Алайда ондай жеңіл­дікті алу үшін кепілзат не­месе банктік кепілдік қажет. Осыған орай төтенше жағдай кезінде салықтық міндет­те­ме­лер бойынша қарыз бен өсім­­пұл­ды кейінге шегеруді оң­тайландыратын тетіктер қа­рас­ты­рылуда.

Төтенше жағдай кезін­де каме­ралды бақылау қоры­тын­ды­сы бойынша хабарламалар жіберу тоқтатылады. Нысан­дар­ға барып, кедендік және са­лықтық тексерістер жүр­гізу азайтылады. Әкімшілік жа­­уап­кершілікке тарту мәсе­лесі төтенше жағдай мерзі­мі аяқ­талғаннан кейін қарас­ты­­­­рылады. Бұдан өзге қол­дау көр­­сету шаралары қарас­ты­рыл­ма­­ған.

Баспасөз қызметі хабар­ла­ған­дай, жұмыс берушілер наурыз айында төлеген жалақының са­лы­ғын 25 сәуірге дейін төлеуі керек. Еңбекақы есептелмеген немесе төленбеген болса, салықтық міндеттемелер қарас­ты­рыл­майды.