Маңғыстау облысының туристік нысандарына бару уақытша жабық болады. Туристік фирмаларға турларды уақытша жабу және тиісті шаралар қабылдау ұсынылды. Барлық ойын-сауық-бұқаралық іс-шаралар, соның ішінде наурыз-сәуір айларында жоспарланған туризм саласындағы жоспарлы іс-шаралар тоқтатылды. ТЖ жариялануына байланысты турбокомпаниялар келесі бағыттар бойынша бас тарту туралы бұрын берілген ақпаратқа қосымша күшін жойды. Нақтырақ айтсақ, Түркияға 8 адам қайтарылды - 1 490 000 теңге, БАӘ, 18 адам қайтарылды - 6 480 000 теңге, Алматы, 11 адам қайтарылды - 1 584 500 теңге, Шарм-Эль-Шейх (Египет), 3 адам қайтарылды - 1 175 000 теңге, Анталия (Түркия), 4 адам қайтарылды 1 490 000 теңге және Грузия 4 адам.
Қазақстан шипажайларына кіру кейінге қалдырылды. Сондай-ақ, Маңғыстауға мерекелік күндерге арналған турлар жойылды – Көкшетау қаласынан 45 адам, Қостанайдан 10 адам. «Маңғыстау - Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша әуерейстері тоқтатылса, «Маңғыстау-Түркістан», «Маңғыстау - Нұр-Сұлтан», «Ақтау-Мәскеу» бағыттары бойынша ТЖ рейстері тоқтатылды. Туристік компаниялардың ақпараты бойынша «СКАТ» авиакомпаниясы ақша қаражатын айыппұл санкцияларынсыз қайтаруды қарастырмаған. Жағдай авиа ұшулар мен қонақ үйлер бойынша айыппұл санкцияларына байланысты одан әрі шиеленісуде. Осыған сәйкес, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Маңғыстау облысы