Маңғыстау облысы бойынша «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 20 есірткі қылмысы дерегі анықталды.
4 есірткі қылмысы дерегi оның ішінде:
ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу бойынша 2 дерек,
ҚР ҚК-нің 296 бабының 4 бөлімі Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша 1 дерек,
ҚР ҚК 302 бабы бойынша Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру 1дерек аныкталды.
ҚР ҚК 296-б. 2-3-тармақтары бойынша 13 есірткі қылмысы дерегі анықталды.
ҚР ҚК-нің 303-бабы 1-бөлігі бойынша Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу бойынша есірткі қылмыс дерегі анықталды.
Заңды айналым саласында «Реланиум»- 10 ампула, «Промедол» - 24 ампула және «Фентани» - 87 ампула алынды.
Ақтау қаласының 3 дәріханасында «Трамадол» дәрісінің -30 таблеткасы, «Сомнол» дәрісінің - 10 таблеткасына конторольды сатып алу жүргізілді.
«Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері 5 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде ҚР ӘҚБК 426-бабы 1-бөлігі бойынша 3 дерек ( Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБК 427-бабы 1-бөлігі бойынша 2 дерек (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу).
Облыстың полиция департаменті тұрақты негізде есірткі заттарын анықтау, жолын кесу, сондай-ақ сату және сақтау бойынша мақсатты жұмысты жалғастырады.
Маңғыстау облысы