Қаржы • 19 Наурыз, 2020

Қазақстандағы Банк ВТБ жұмысын қалыпты режимде жалғастырады

190 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ВТБ тобының клиенттері мен қызметкерлерінің жайлылығы мен қауіпсіздігі – жұмысымыздың нақты басымдығы, сондықтан олардың тыныштығы мен кез келген тәуекелдерді азайту мақсатында біз бірқатар шараны жүзеге асырды.

Қазақстандағы Банк ВТБ жұмысын қалыпты режимде жалғастырады

Клиентке бағдарлану – Банк ВТБ (Қазақстан)-ның басты құндылықтарының бірі. Банк басшылығы  төтенше жағдай кезінде тұтынушыларымыз үшін өз қаражаттарына еркін қол жеткізе алу мүмкіндігінің маңыздылығын түсіне отыра, ВТБ (Қазақстан) бөлімшелері бүкіл Республика аумағы бойынша, оның ішінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша (төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты ірі сауда-саттық және ойын-сауық орталықтарындағы жабылған қызмет көрсету бекеттерінен басқа) қалыпты жұмыс істеп тұрғанын хабарлайды.

  • жұмыс күндері 09:00 бастап 19:00 дейін, ал сенбі күндері 10:00 бастап 15:00 дейін;
  • мереке күндері (2020 ж. 23, 24, 25 наурыз күндері) ВТБ (Қазақстан) бөлімшелері 10.00 бастап 19.00 дейін жұмыс істейді;
  • бөлімшелер тізімі банк сайтында орналастырылған;
  • банктің барлық банкоматтары әдеттегідей жұмыс істейді, банкоматтар тізімі мына сілтеме бойынша орналастырылған;
  • жеке және заңды тұлға тұтынушылар үшін көптеген операцияларды онлайн-каналдар арқылы жүргізуге мүмкіндік жасалған.

«Банк өз бөлімшелерінде тұрақты түрде барлық қажетті профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады: күніне бірнеше мәрте кеңселерде заласыздандыру жұмыстары қолға алынса, мамандарымыз құжаттар мен купюралармен жұмыс істеу барысында залалсыздандыру құралдарын қолданып тұрады.  Біз жағдайды жіті қадағалап, клиенттерімізге сапалы қызмет көрсету және қызметкерлеріміздің жайлы жұмыс жасауы үшін бар мүмкіндікті қолданамыз» делінген банктің баспасөз қызметі таратқан ақпараттық баяндамада.

Анықтама: Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.