Әлем • 20 Наурыз, 2020

Ресейлік ғалымдар коронавирус геномын толықтай ашты

1865 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресейлік ғалымдар коронавирус геномын толықтай ашты

«А. А. Смородинцев атындағы тұмау ғылыми-зерттеу институтының мамандары SARS-CoV-2 коронавирусының алғашқы толық геномын Ресейден келген КОВИД-19 бар науқастың материалынан жасады», делінген хабарламада.

«Бұл коронавирус біз үшін жаңа, сондықтан оның таралуы мен біздің елімізге ену жолын, оның өзгеруін анықтай білу өте маңызды. Бұл мәліметтер коронавирусты емдеуге арналған вакциналар мен вирусқа қарсы препараттарды жасауға көмектеседі»,  деді институт директорының міндетін атқарушы, м.ғ.д. Дмитрий Лиознов.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан таралатын COVID-19 коронавирус инфекциясы пандемия деп жариялады.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, вирусты әлемнің 160 елінде 200 мың адам жұқтырған. Олардың сегіз мыңнан астамы қайтыс болды.

Ресейде коронавирусты жұқтырудың 147 жағдайы тіркелді.

Ресейдегі және әлемдегі COVID-19 жағдайы туралы соңғы мәліметтер stopkoronavirus.ru порталында ұсынылған.

АЛМАТЫ