Мәселен, 2018 жылмен салыстырғанда былтыр өндіріс көлемі 100%-ға артып, 22 808 тоннаға жетті. Өндірістің күшейгені 2019 жылғы жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарт арқылы жүзеге асты. Дегенмен U3O8 (уран оксидінің) шоғырландырылған сату көлемі алдыңғы кезеңге қарағанда сәл төмендеген. Оған былтыр нарықтағы келісімшарттық белсенділіктің төмен көрсеткіші, сол секілді ұзақ мерзімді нарық құнын құрудағы маркетингтік стратегия ықпал етті.
Басқарманың мәліметіне сүйенсек, биыл «Қазатомөнеркәсіптің» өндіріс деңгейі өзгермейді. Бұл ретте 2018 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде жоспарланған өндіру көлемін 20%-ға қысқарту ескерілген. Нақты айтқанда, 2020 жылы шамамен 22 750 - 22 800 тонна уран өндіріледі деп жоспарлануда.