Мектеп • 17 Маусым, 2025

Елімізде 200-ден астам жаңа мектеп салынады

29761 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025-2026 оқу жылында 300 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 200-ден астам жаңа мектеп (жартысына жуығы ауылдарда орналасады) салу жоспарға алынған. Соның ішінде 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 200-ден астам жаңа мектеп салынады

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жобаларды іске асыру қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, апатты 15 мектептің мәселесін шешуге, үш ауысымды оқыту мен 150 мыңға жуық оқушы орнының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ биыл 248 мектеп реновациядан өтіп, шатырлар ауыстырылады, қасбеттері-терезелер жаңартылады, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізіліп, аумақтары абаттандырылады.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше қосымша 1000 ауыл мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаз жаңартылады, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелері жабдықталады. Сонымен қатар химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет сатып алынып жатыр.

Еске салайық, 2019 жылдан бері салада ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып келеді. Содан бері 1200 жаңа мектеп ашылып, 1 миллионнан астам оқушы орны қамтамасыз етілген.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025