Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

ZHAS PROJECT-ің жаңа тынысы

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 3 жыл қатарынан жастарға грант беріп жұмыс жасаған Жастар корпусын дамыту жобасы биылғы жылы Алматы және Қарағанды облысы жастарына тағы да грант беруді жоспарлаған. Үш жыл ішінде Қазақстанның 9000-нан аса жастары 2679 әлеуметтік жоба жасап, өздері тұратын аймақтың өсіп-өркендеуіне үлес қосты деп айтсақ артық емес. 

ZHAS PROJECT-ің жаңа тынысы

Zhasproject жобасы 2017 жылы пилоттық режимде еліміздің 4 аймағынның (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар және Қарағанды) жастарына 589 жобаға қаржы бөлінген еді. 2018 жылы Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облыстарының 3508 жастары 1027 әлеуметтік жоба жасады. Ал өткен жылы тағыда 4 аймақ, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының 3508 жастары 1063 әлеуметтік жоба жасады. Жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, білім салалары, сондай-ақ тігіншілік өнері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарын қамтыды.

Жастар корпусын дамыту жобасы Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким және Қарағанды облысы басшысы Жеңіс Қасымбек мырзамен жобаны сәтті іске асырылуы бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында облыстағы жастарды барынша Zhasproject жобасына жұмылдыру сөз етілді. Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким аймақ басшылығына алғыс білдіріп, жұмыла кіріскен жұмыстың жемісті болатынына сенімді екенін жеткізді.