Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

Шетел валютасын сату мен сатып алу бағамдарының арасындағы ауытқу шегі анықталды

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің ақпараты Бас реттеуші бұл шешімді ішкі нарықтағы ойыншылардың қаржы нарығын негізсіз жоғары маржаны құруына жол бермеуден қабылдап отыр. 

Шетел валютасын сату мен сатып алу бағамдарының арасындағы ауытқу шегі анықталды

«2020 жылдың 19 наурызында уәкілетті банктер мен ұйымдардың (банктік емес айырбастау пункттері) айырбастау пункттері (транзакциялар) арқылы жүргізілген операциялар бойынша шетел валютасын сату бағамынан шетел валютасын сату бағамының ауытқу шектерін белгілейтін шешім қабылданды: $ 1 – 6 теңге; евро – 7 теңге болып белгіленді»,  дейді Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Осыған дейін қаржы трейдерлері валюта бағамындағы алып-сату аралығындағы айырмашылықтардан қыруар пайда табады, бұл АҚШ долларына деген сұраныстың артуына әсер ететіні белгілі болатын.  Ұлттық банк таратқан ақпарат бойынша  бұл шаралар елдегі төтенше жағдай кезінде қолданылады және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыратын әсерін шектеуге бағытталған. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектеседі.

Біз бұған дейін 16 наурызда Ұлттық банк теңгені қолдауды тоқтатқанын жазғанбыз.

АЛМАТЫ