Әлем • 21 Наурыз, 2020

Мәскеуде жаңа аурухананың құрылысы басталды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде COVID-19 коронавирусының пайда болуына байланысты медициналық ғимараттардың құрылысы басталды.

Мәскеуде жаңа аурухананың құрылысы басталды

«Алдымен 12 корпустан тұратын емдік блокты, кейіннен 16 корпустан  тұратын реанимациялық бөлімді салу жоспарлануда», деп хабарлады «Москва  Стройкомплекстің» баспасөз қызметі. Аурухана 500 орынға арналған.

«Бұл жұмысқа 2 мыңнан астам адам мен 500-ден астам техника қатысады», деп хабарлайды «Москва»  агенттігі.

10 наурыз күні Мәскеу мэрі Сергей Собянин өзінің веб-сайтындағы блогында жаңа аурухананың жылжымалы кешені Коммунарк пен № 1 ИКБ ауруханасына қосымша болатындығын, Мәскеудің «бетонды» сақинасының артындағы жер тұрғын үйлерден қашықтығына байланысты таңдалғанын айтқан болатын. Бұл жоба,  Мәскеу мэрі Сергей Собянин айтқандай, уақытша емес, ұзақ жылдар бойы мәскеуліктердің қажетіне жұмыс істейтін болады.

19 наурыздағы жағдай бойынша Ресейде коронавирустың 199 жағдайы тіркелді, олардың 52-сі 19 наурыз күні анықталған.

Жалпы әлем бойынша – 230 мыңнан астам адам осы ауруды жұқтырды. Соның ішінде 9714 адам қайтыс болды.