Медициналық нысандар бір ай ішінде пайдалануға беріледі. Олар коронавируспен ауыратын науқастармен емделеді.
Болашақта бұл ауруханаларды басқа мақсаттарда пайдалануды жоспарлап отыр.
«Өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 4 адамға көбейді. Бүгінде 37 өзбекстандық азаматтан осы дерттің белгілері табылды» деп хабарлайды Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі.
Бұған дейін gazeta.uz ақпараттық порталы Өзбекстандағы коронавирустың қазіргі жағдайы туралы барлық ақпаратты қамтитын coronavirus.uz арнайы сайтының іске қосылатыны туралы хабарлады.
Осыған дейін РФ Мәскеуде, Жаңа Мәскеу ауданында коронавирус жұқтырған науқастар үшін арнайы аурухана салып жатқанын, оның алдағы 1 айда пайдалануға берілетінін хабарлаған болатынбыз. Ресейде 253 азаматтың бойынан осы дерт белгісі табылды. Оның ішінде жазылып шыққандары төртеу.
Енді 37 науқасына алаңдаған оңтүстіктегі көршіміз жаңа аурухана салуға ниеттеніп отыр.
Қамсыз отырған біз ғана...