Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Үржарда көпбалалы аналар маска тігуде

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы көпбалалы аналары медициналық маска тігіп, таратуда деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы. 

Үржарда көпбалалы аналар маска тігуде

Үржар ауданы, Мақаншы ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Рысалды Мұхаметқалиева бастаған аналар қауымы көпшілік қауымға үлгі көрсетіп, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында бірнеше мәрте пайдалануға болатын маскалар тігіп беретіндіндерін айтқан. Аналардың бұл ұсынысына аудан әкімдігі бірден қолдау білдірді. 

Тігілген бетперделер аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналар мен зейнеткерлерге тегін берілмек. «Елімізге келген мұндай уақытша сынақты бірге еңсереміз. Тек ауызбіршілігіміз бұзылмасын», - дейді көпбалалы ана. 

Қазіргі таңда Мақаншы өңірінде Рысалды бастаған көпбалалы аналар бетперде тігу жұмыстарын бастап кетті. Жалпы, ауданда коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша шұғыл әрекет ету топтары құрылып, барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып, жүзеге асыруда.