Экономика • 22 Наурыз, 2020

Алматыда АҚШ доллары бірнеше айырбас пункттерінде сатылып жатыр

1379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпы кешелі бері ішкі нарық АҚШ долларын сатып алудан «демалып тұр» немесе шетелдік валюта  бағамының құбылмалығына еті үйренді.

Алматыда АҚШ доллары бірнеше айырбас пункттерінде сатылып жатыр

«Нұр-Сұлтандықтар АҚШ валютасын сатып алуға асығар емес, бірақ оны 449-450 теңгеге бағамен айырбастауға болады. Алматыда олар долларды бірнеше айырбастау пункттерінде ғана сатуда» деп хабарлайды kurs.kz

22 наурызда Алматыда  доллар 452,5 теңгеден сатылуда, бірақ барлық айырбастау пункттерінде емес, тек бірнешеуінде ғана сатылып жатыр. Жалпы, бүгінде оңтүстік мегаполисте 45 айырбастау пункті жұмыс істейді.

Нұр-Сұлтанда АҚШ валютаны сату байқалмайды, бірақ оны 449-450 теңгеге бағамен айырбастауға болады.

Шымкенттіктер АҚШ долларын сатып та жатыр, сатып алып та жатыр. 1 АҚШ доллары  448–450 және 453–455 теңге. Бүгін Қазақстан қор биржасындағы сауда бір доллар үшін шамамен 444,80 теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурыз күні таңертең АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 482 теңгені құрады, бірақ сол күні кешке олар оны Нұр-Сұлтан мен Алматыда сатуды тоқтатты.