25 Тамыз, 2013

АҚШ пен Ұлыбритания басшылары Сириядағы ахуалды талқылады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сирийская армия-4

АҚШ президенті Барак Обама мен Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Сирияның төңірегінде қалыптасып отырған ахуалды сөз етті. Бұл туралы Interfax.Ru хабарлады.

АҚШ президенті Барак Обама мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон телефон арқылы хабарласып, Дамаскінің түбінде химиялық қарудың қолданылған болуы ықтималдығы жағдайын талқылады. Британия Сыртқы істер министрлігінің дерегіне сілтеме жасаған ВВС екі лидердің сөйлесуі 40 минутқа созылғанын алға тартады. Екі елдің басшысы 21 тамыз күні Дамаскінің түбінде орын алған ахуалға қатты алаңдаушылық білдірген.

Осы аптада сирия бүлікшілері үкімет әскерлерін химиялық қару қолданды деп айыптады. Сирияның ресми тұлғалары бұл айыптауды жоққа шығарып отыр. Осының алдында үкімет әскерлері көтерілісшілерге қарсы операциясын бастап, оларды Шам шаһары түбінен аластауға күш салды.

Сұлтан Бозайғыр.