26 Тамыз, 2013

Алина Кабаева Ксения Собчакты «есуас» деп атады

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алина Кабаева-1

Белгілі гимнастшы, Ресей Думасының депутаты Алина Кабаева танымал тележүргізуші Ксения Собчакты психикалық ауру деп атады. Жұртшылық қазір жанжалқұмар журналистің бұған ләм-мим деп жауап қатпағанына таң қалып отыр. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Мәселе мынада, Алина Маратқызы жақында өзінің бір сөзінде Ксения Анатольевнаны психикалық жағынан қалыпты емес адам деп атаған екен. Бірақ өзінің тарапына айтылған мұндай айыптауға Ксения ешқандай жауап қатпай қоя салады деп ешкім күткен жоқ. Біраз жұрт мұны Ксения Анатольевна өте ықпалды адам – Владимир Путиннен сескенгеннен істеді деген сайды. Рас, Алина Маратқызы өзінің президентпен әлдеқандай бір байланысы бар екенін осы кезге дейін жоққа шығарып келген. Сонда да болса, әлденеден күдік алған Ксения Анатольевна Дума депутатымен сөзге келіп, тәжікелесуді жөн көрмеген сияқты.

Мұрат Айтқожа.