
Иракта экстремистердің жасаған бірқатар жарылыстары мен шабуылдары нәтижесінде кем дегенде 42 адам қаза тапқаны белгілі болып отыр. Бұл туралы жергілікті БАҚ мәліметіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.
Бағдаттан солтүстікке қарай 290 шақырым жерде орналасқан Кайяра қаласында содырлар Иран әскери қызметкерлері отырған екі автокөлікке оқ жаудырған. Автокөліктің бірі содырлардың тосқауылдан ұйымдастырған шабуылынан қашып үлгерген. Алайда, екінші мәшинеде отырған бес әскери қызметкер қаза тапты.
Балад қаласында миналанған автокөлік жарылып, үш адам қаза ауып, тағы 15-і жарақат алған. Ал Бакуб қаласында бірнеше фугас жарылып, екі тұрғынның өмірін жұлып әкеткен. Сондай-ақ Мосул қаласында содырлар2 адамды атып өлтірген.
Бүгінгі таңда Сирияда орын алып жатқан жағдай 2006-2007 жылдарды еске түсіреді. Ол кездері бұл елде діни араздықтан туған қақтығыстардан ондаған мың адамның өмірі қиылған еді.
Үстіміздегі жылдың басынан-ақ Ирак аумағында өршігіп жатқан терактілердің салдарынан 3,5 мың адам қаза тапты.
Айдар Өрісбаев.

