26 Тамыз, 2013

Маңғыстау түбегінен екі қалашықтың орны табылды

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мангыстау

Қазақстан ғалымдары мен тарихшылар алдағы уақытта арнайы экспедиция ұйымдастырып, мәдени мұраларды кешенді түрде зерттеуді қолға алады. Алдымен орта ғасырда Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы болған маңғыстау облысы жеріндегі Қызылқала мен Кетікқала орындарына қазба жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Маңғыстау түбегіндегі Қызылқала мен Кетікқалаға осыдан 3-4 жыл бұрын археологиялық зерттеу жұмысы жүргізіліп, ол толықтай аяқталмай қалған еді. Қызылқалаға келетін болсақ, бұл қалашық XII ғасырда бау-бақшалы ірі сауда орталығы болған. Ал XIII ғасырда Шыңғысхан Орта Азияның мәдени ошақтарын қиратып, негізгі сауда жолдары үстіртке көшірілген кезде, Қызылқаладағы тіршілік те жойылады. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл қалашық әйгілі Маңғышлақ шаһарының орны болуы мүмкін. Кетікқаланы да археологтар анықтаған екен. Бұл мекен XIII-XIV ғасырларда сауда порттарының бірі болған. Оны XIV ғасырдың екінші жартысында жасалған Венециядан келген көпестің сызба картасы дәлелдейді. Енді осы орындарға еліміз археологтары тездетіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгелі отыр. Өйткені, құнды жәдігерлерден көз жазып қалуымыз мүмкін.

Данияр Түймебай.