26 Тамыз, 2013

БҰҰ инспекторлары химиялық қару атқан орынды орнын тексермекші

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ООН химоружия

Бүгін Сирияда БҰҰ инспекторлары өткен аптада химиялық қару қолдану арқылы шабуыл орын алған Дамаск қаласының түбіне қарай жол тартты. Бұл туралы британиялық БАҚ мәліметіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

БҰҰ инспекторлары мінген алты автокөлік Дамаск қаласындағы мейманханадан шығып, оқиға орнына қарай бет алды. Оларды Сирияның қауіпсіздік күштері алып жүрді.

Инспекторлар Дамаск қаласының түбінде орналасқан Шығыс Гута ауданын көріп қайтпақ. Деректерге қарағанда, бір апта бұрын дәл осы жерде химиялық қару қолданылып, нәтижесінде жүздеген адам қаза тапқан. Сирия билігі химиялық қаруды содырлар қолданғанын мәлімдесе, оппозиция өкілдері өз кезегінде қаруды үкімет әскері пайдаланғанын алға тартуда.

Айдар Өрісбаев.